Жоба жайлы
“Өмірге арналған философия” курсы — бұл әдеттегіден саналы, сапалы және қызықты өмір сүруге бағытталған теориялар мен тәжірибелер.
Сонымен бірге мәдени жобалар, білім беру бағдарламалары, еріктілік іс-шаралар, саяхат, зерттеулер, әдебиет кештері мен киноклубтар.
ФИЛОСОФИЯ — дәстүр бойынша “құштарлық” және “даналық” деген екі ұғымнан құралған сөз.
Әрқайсымызды бір күні: «Мен кіммін? Қайдан келдім? Қайда бағыт алдым?» деген сынды сұрақтар мазаламай қоймасы анық.
Философтың жол-сапары сұрақ қоюдан басталады. Философ болу адамның жынысына, жас мөлшеріне, ұлтына қарамайды — сыртқы нышандардың маңызы азырақ, маңыздысы құндылықтар, ішкі ізденіс пен өмірдің мәнін түсінуге деген ұмтылыс.
Философия — бұл бірінші кезекте теория емес, соның көмегімен өз өміріңді және өзіңді қоршаған әлемді өзгертуге болатын тиімді құрал.
Философия құлыптарын ашатын кілттерді біз ежелгі заман данышпандарынан, сонымен қатар Шығыс және Батыс өркениетінің өкілдері болып табылатын бүгінгі күннің ойшылдарынан алып келеміз.
Философия бізді дербес ойлауға, құндылық таңдауға, дүниетаным қалыптастыруға үйретеді.
Мәдениет — бүкіл адамзаттың өмір сүру тарихында қалыптасқан қайталанбас ұғым. Ол біз үшін ең қымбат дүниелерден құралған: ождан мен руханият, өнер мен ғылым, дәстүр мен жаңашылдық. Ақиқатқа ұмтылыс, көзі ашықтық пен көкірегі ояулық — өз түп-тамырын анықтап, жүзеге аспаққа бет алған әрбір мәдениетті адамның белгісі.
Еріктілік — адамдарға көмектесуді, табиғатты аялауды, мәдениетті және мәдени нысандарды сақтауды мақсат еткен, риясыз, ерікті түрде жасалатын іс-шара. Жалпыға ортақ мүддені көздейтін кез-келген ақысыз жұмысты соған жатқызсақ болады.