Философия
Біздерді “ Мен кіммін? Қайдан келдім? Қайда бет алдым? Не себепті осындай күй кешудемін?” және басқа да осы сынды сұрақтар мазалап отырады. Алған біліміміз бен мамандығымызға қарамастан бізді философ ететін де осы сұрақтар. Даналық іздеу, маңызды сұрақтарға жауап іздеу – бұл өмірдің қалыпты бір бөлшегі.
Мәдениет
Адам баласы бүкіл өмір сүру тарихында рухани және материалдық салаға жататын құнды жәдігердің небір түрін жинап үлгерді. Осы бір сан-алуан мәдени құндылықтар тізбегін сақтай отырып, байытып, одан әрмен толықтыра түсуге біз де өз үлесімізді қоса аламыз.
Еріктілік
Әр адамның басқа бір адамға риясыз көмектесуге, табиғатты аялауға, мәдениетті дамытуға деген табиғи қажеттілігінің болуы қалыпты құбылыс. Жалпыға ортақ игілікті көздеген белсенділіктің дағдыға айналуы — өзіңді рухани байытып, әлемді жақсартуға мүмкіндік береді.
Әрбір дәріс — бұл теория мен практика, белсенді түрде тыңдау мен өзара сұхбаттар, жаттығулар мен шығармашылық кештер.