1-1
2-1
3-1
4
5
6
7
8
9
10
11

Жоба жайлы

“Өмір­ге арналған фило­со­фия” кур­сы — бұл әдет­те­гі­ден сана­лы, сапа­лы және қызы­қты өмір сүру­ге бағыт­талған тео­ри­я­лар мен тәжірибелер.
Соны­мен бір­ге мәде­ни жоба­лар, білім беру бағ­дар­ла­ма­ла­ры, ерік­тілік іс-шара­лар, сая­хат, зерт­те­улер, әде­би­ет кеш­тері мен киноклубтар. 

ФИЛОСОФИЯ — дәстүр бой­ын­ша “құштар­лық” және “дана­лық” деген екі ұғым­нан құралған сөз.
Әрқай­сы­мы­зды бір күні: «Мен кім­мін? Қай­дан кел­дім? Қай­да бағыт алдым?» деген сын­ды сұрақтар маза­ла­май қой­ма­сы анық.

Фило­соф­тың жол-сапа­ры сұрақ қою­дан баста­ла­ды. Фило­соф болу адам­ның жыны­сы­на, жас мөл­шеріне, ұлты­на қара­май­ды — сыр­тқы нышан­дар­дың маңы­зы азы­рақ, маңы­здысы құн­ды­лы­қтар, ішкі ізденіс пен өмір­дің мәнін түсі­ну­ге деген ұмтылыс.

Фило­со­фия — бұл бірін­ші кезек­те тео­рия емес, соның көме­гі­мен өз өміріңді және өзіңді қор­шаған әлем­ді өзгер­ту­ге бола­тын тиім­ді құрал.
Фило­со­фия құлып­та­рын аша­тын кілт­тер­ді біз ежел­гі заман даны­шпан­да­ры­нан, соны­мен қатар Шығыс және Батыс өрке­ни­етінің өкіл­дері болып табы­ла­тын бүгін­гі күн­нің ойшыл­да­ры­нан алып келеміз.
Фило­со­фия бізді дер­бес ойла­у­ға, құн­ды­лық таң­да­уға, дүни­е­та­ным қалып­та­сты­руға үйретеді. 

Мәде­ни­ет — бүкіл адам­заттың өмір сүру тарихын­да қалып­тасқан қай­та­лан­бас ұғым. Ол біз үшін ең қым­бат дүни­е­лер­ден құралған: ождан мен руха­ни­ят, өнер мен ғылым, дәстүр мен жаңа­шыл­дық. Ақиқатқа ұмты­лыс, көзі ашы­қтық пен көкіре­гі ояулық — өз түп-тамы­рын аны­қтап, жүзе­ге аспаққа бет алған әрбір мәде­ни­ет­ті адам­ның белгісі.

Ерік­тілік — адам­дарға көмек­те­суді, табиғат­ты аяла­уды, мәде­ни­ет­ті және мәде­ни нысан­дар­ды сақта­уды мақ­сат еткен, рия­сыз, ерік­ті түр­де жаса­ла­тын іс-шара. Жал­пы­ға ортақ мүд­дені көз­дей­тін кез-кел­ген ақы­сыз жұмысты соған жатқыз­сақ болады.